Адамзаттың түбіне темекі жетеді

Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен

Әлемде 1,2 миллиард адам темекі шегеді. Сал­да­ры­нан жылына орта есеппен 4 миллион адам қайтыс бо­ла­ды. Егер жағдай өзгермесе, жар­ты мил­ли­ард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осылай деп мәлімдеп отыр. Көк түтінге тәуелділер біздің елде де аз емес. Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен.

Дәрігерлер темекіге құмартқандардың басым көпшілігін жас-тар құрайтынын алға тартып отыр. Сондай-ақ ақ желектілер көктүтінге тұншыққандардың қатарын нәзікжандылар толықтырып жатқанына алаңдаулы. Өкініштісі, темекіге құмартқан бойжеткендердің арасында жүкті әйелдер де бар. Олардың бірі қызық көріп, екіншісі еліктеп, ал үшіншісі көк түтінге тәуелділіктен тартады екен. Көңіл көтеруге сеп болады деп білетін жас буын оның адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ойлана бермейтіні өкінішті-ақ.

Дәрігерлер темекіге әуестіктің соңы қатерге әкелетінін ескертеді. Мәселен, әлемде 13 секундта 1 адам, әр 65 секундта 5 адам темекінің кесірінен көз жұмады екен. Мамандардың сараптаулары темекі тарту өкпе рагіне, жүрек талмасына, қан қысымының жоғарылауына, дәм мен иіс сезу мүшелерінің қабынуына, терінің ерте қартаюына, бауырдың қабынуына, диабет, құлақ мұрын және арқа және бел ауруларына әкеп соқтыратынын анықтаған. Мәселен, ғалымдардың зеттеуіне сүйенсек, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігімен ауырады екен. Ал, әлемдегі 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған көрінеді. Уланған дегеннен шығады, шылым шегушілер өздерін ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығына кері әсерін тигізеді. Өйткені, темекінің түтіні көліктің түтініне қарағанда 4 есе улы. Ал оны жұтқан адамның денесі никотинмен уланады. Дәрігерлердің айтуынша, темекі тарту сондай-ақ, омырау безінің, кеңірдектің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігіне, бедеулікке шалдықтырады. Ал, жүктілік кезінде темекі шегу анасынан гөрі, іштегі сәбидің денсаулығына екі есе кері әсерін тигізеді. Никотин, тұншықтырғыш газ, бензопирен және радиоактивті изотоптар құрсақтағы баланың дұрыс жетілуін тежейді. Салдарынан әйел түсік тастауы, уақытына жетпей босанып қалуы мүмкін. Ақ халаттылар темекі шегетін аналардың сәбилері туылғанда көбіне салмағы аз, иммунитеті әлсіз, денсаулығы нашар болатынын алға тартып отыр. Әрине, темекінің салдарынан туындаған ауытқушылықтар барлық сәбилерде кездеседі деп нақты кесіп айтуға болмайды. Бірақ сонда да болашақ сәбидің амандығы үшін әйелдер бұл жаман әдеттен аулақ болғаны абзал.

Өкініштісі, дәрігерлердің осылай дабыл қағуы темекісүйер қауымға әсер етпей отыр. Ал, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қол қусырып, қарап отырған жоқпыз дейді. Айтуларынша, темекінің зиянын насихаттайтын түрлі шаралар қолға алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

– Білім беру ұйымдарында;

– Кәмелет жасқа толмағандар демалатын орындарда;

– Қоғамдық тамақтану орындарында;

– Кинотеатрлар мен театр-ларда, цирктер мен концерттік, көрермендік және көрме залдарында, жаппай демалуға арналған спорттық ареналар мен басқа да үсті жабық құрылыстарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда;

– Мұражайлар мен кітапханаларда, дәрісханаларда;

– Жергілікті және алыс қашықтыққа жүретін пойыздарда белгіленбеген жерлерде, әуе ұшақтары мен теңіз және өзен транспорттарында, сондай-ақ, қалалық, қалааралық автобустар мен маршруттық таксилерде, қалалық электрлі транспорттарда;

– Әуежайлар мен темір жол, автомобиль және су жолдары вокзалдары ғимараттарында;

– Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

– Жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде;

– Үйлердің подъездерінде темекі шегуге болмайды. Заңды белшесінен басқандар 1 АЕК айыппұл төлейді. Заңды екінші қайта бұзған тұлғаға 5-10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адаммен теңеседі.

3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікімен теңеседі.

15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңізге түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып бір үлкен күнәні құрайды екен. Үлкен күнә жасамай, Аллаһтан қорқыңыз. Сол сәт темекі құмарлығыңыз бәсең тартады.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ