Білім ошақтары 12 жылдыққа дайын ба?

338
Спорт залы ғимаратына 78 жыл

2015 жылы Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшпек. Үкімет тарапынан кезекпен өту жоспары жасалып, шара 2020 жылы толық аяқталуы тиіс. Алайда, Оңтүстік өңіріндегі мектеп-гимназияларда сынып жетіспейді, оқу ғимараттары жөндеуді қажет етеді. Мұндайда 12 жылдық білім беруді емес, бір ғана оқу жылын жарытып, қамтамасыз етуді ғана ойлайды ұстаздар.

Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласындағы № 5 мектеп-гимназияның ғимараты 1936 жылы салынған. Бес жыл бұрын оқу ғимаратының бір бөлігі «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіпті. Мектеп 500 балаға шақталған, алайда мұнда қазір 800 оқушы дәріс алады. Осыны ескерген мектеп басшылығы спорт залы, шеберхананың күрделі жөндеуі үшін әкімдіктен қаржы сұрап отыр.

Спорт  залы ғимаратына 78 жыл
Спорт залы ғимаратына 78 жыл

Светлана Бородина, №5 мектеп-гимназияның директоры: «Шұғыл арада бастауыш сынып оқушыларына қосымша ғимарат салу қажет. 12 жылдық білім алуға көшейін деп отырмыз. Алайда, сыныптар жетіспейді. Салдарынан балалар екі ауысымда оқиды. Оған қоса шеберханамыз, спорт залымыз күрделі жөндеуді талап етеді. Ауладағы асфальт та тозығы жеткен.»

Леңгірдегі №1 мектеп-гимназиясына да қаражат керек. Білім ошағы 75 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Мұғалімдердің мәлімеуінше, мектеп сапалы құрылыстың арқасында пайдаланылуда. Егер 12 жылдық білімге көшсек, оқу процессі талаптарға сәйкес болуы шарт дейді олар да.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bmebKNQjhck[/youtube]

Кенжегүл Жұмағұлова, Төле би ауданындағы №1 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «Бастауыш сыныптың оқушылары өткен ғасырдың 30-жылдары салынған ғимаратта оқуда. Саз-балшықтан салынғандықтан, құрылысшылар күрделі жөндеуге болмайды дейді. Қабырғаларынан сылақтар үгітіліп, жылу жүйесі сыр берді. Жылу беру маусымында сыныптарда температура +15 градустан жоғарыламады.»

Бастауыш сынып оқушыларының оқитын ғимараты
Бастауыш сынып оқушылары оқитын ғимарат

Пайдалану мерзімі өтіп кеткен бір қабатты ғимарат бұзылып немесе орнына жаңа қосымша ғимарат салынатыны уақыт еншісінде. Бюджеттен бөлінген 34 миллион теңгеге ескірген оқу ғимаратында күрделі жөндеу жүргізіледі. Мектептің шатырынан бастап терезелері, едені және жылу жүйесі жаңаланады. Ұстаздар тиісті тендер жақын арада өтіп, құрылыс жазғы демалыста жүргізіліп, жаңа оқу жылына аяқталады деп сеніп отыр.