Кенеге қарсы қай дәрі тиімді?

3084

Кенеден улану неге көп? Мен өз тіжiрибеме сүйене отырып, баяндайын. Ветеринарлык дәріханадан неоцидол (Үндістанда шығарылған креолин) алып, қолдағы уақ малды тоғытып, суы сорғысын әрi қорадағы кенелер өлсiн деп, тоғытылган уақ малды қораға қамадым…

Келер күзде жауын-шашын басталған соң қораны дайындамақ болып, ішке кiрсем, дуалда өрiп жүрген кененi көрiп. шошып кеттiм. Содан неоцидол кененi өлтiрмейдi, керiсiнше, өсiп-өнуi үшiн ұрық шашуға кетедi деп ойладым. Неоцидол тиiмдi деген оймен барлығы пайдаланады. Қызылорда, Щымкент, Жамбыл облыстары кенелердің ордасы болып табылады. Кеңес Одағы кезiндегi қара түсі, сасық креолиндi пайдаланған дұрыс. Өмiрiмiзге қауiп төнбесiн! Сақтанайық!!! Неоцидолдың құрамын толыққанды тексерсе екен деген оймен жаздым.

Тілеуқабыл Сүлейменұлы