Облыс әкімі полицейлердің жарақтандырылуымен танысты (видео)

183
Облыс әкімі және департамент басшысы

Таяуда Оңтүстік Қазақстаноблысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық ішкі істер департаментінде болып, департамент құрылымдарының техникалық жарақтандырылу жағдайымен танысты. Сап түзеген полиция арнайы жасағының дайындығын көрген өңір басшысы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заман талабына сай жасақтауға облыс әкімдігі тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті.

Облыс әкімі және департамент басшысы
Облыс әкімі және департамент басшысы

Бұған қоса Асқар Исабекұлы бұл мақсатта қыруар қаржы да бөлініп отырғанын айтты. Кез келген өркениетті мемлекет үшін қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу сынды міндеттер аса маңызды екеніне тоқталған Асқар Мырзахметов жергілікті жерде құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар одан әрі жалғасын табатынына сенім білдіріп, тәртіп сақшыларын ел үшін қызмет етуге шақырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NSN_bgox07A[/youtube]