Шымкент хайуанаттар бағы тағы бір жануармен толықты. Зообаққа Оңтүстік-Шығыс Европа жерінен Амур жолбарысы әкелінді. Молдавияның «Кишинев» зообағынан әкелінген шері 20-мамырда 1 жасқа толады. Шымкент зообағы оны екі жыртқыш құсқа айырбастап алған. Бойынан балалығы кетпеген Бек есімді шөнжіктің тағылығынан еркелігі басым.
«Бір күнде бір рет мәлі береміз. Бес келі ет жейді. Өзі момын, қолға үйренген. Мұнда келгенде жатсынбады. Бұл бала ғой әлі. Өзімізбен тіл табысып кеткендей болды» дейді жыртқыш аңдар бөлімінің қараушысы Айсұлу Жұтшыбаева.
Бектің мұнда тағы екі көршісі бар. Ұрғашы жолбарыс өлекшіннің есімі Мая болса, оның күшігі Жеңісгүлдің жасы үште. Жеңісгүл осы зообақта дүниеге келген. Зообақта бұған дейін мекендеген Жеңіс лақапты аталық шері қартайып, өлген. Енді оның орнын Бек басатын болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dnbgDo21en8[/youtube]
Амур жолбарысының мекені тарылып, одан қалса браконьердің кесірінен азайып, жойылуға айналған. Қазір жер бетінде 500 бас Амур жолбарысы бар. Сондықтан, оның тұқымдасының барлық түрі қорғауға алынып, халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Алдағы уақытта қаламыздағы зообақта жолбарыстардың жұбы жарасып, шөнжіктер өрбиді деген сенім мол.