Аулаға жыртқыш аң қайдан келген?

230

Арыстанның күшігі аланның бейнесі түскен бұл видео қазір әлеуметтік желіде тарап кетті. Кішкентай ғана жыртқыш аңның бұл күйі белгісіз бір кешен алдында түсірілген.

Жануарлар жанашырларының айтуынша, бұл төртаяқтыларды қорлау. Осылай деген белсенділер видеоның Шымкентте түсірілгенін айтады.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, аланды қонақ үйде ұстаған болуы мүмкін. Ал, мұндағы әкімшілік қызметкерлері жанашырлар сөзін жоққа шығарып отыр. Сөздерінше бұл маңда ешқашан жыртқыш аң болмаған. Осылай десе де олар тілшілерді кешен ішіне кіргізуден үзілді кесілді бас тартты.

Қонақ үй жауаптыларының сөзін қалалық полиция өкілдері де қостап отыр. Сөздерінше пагондылар қонақ үйге арнайы тексеріп келген. Және күдікті ештеңе таппаған.

Айта кетейік, мұндай жағдай елімізде алғаш рет орын алып отырған жоқ. Бұған дейін де жабайы аңды қолға алып, кейін далаға тастап кеткендер болған еді. Оларға 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, аңды кәмпескелеген болатын. Ал видеодағы кішкентай ғана алан туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Назерке Үкібасова