Түлкібаста екі адамды пойыз басып кетті

399

Түлкібас ауданындағы «Састөбе — Көктерек» теміржол телімінде екі шойын жол қызметкерлері пойыздың астында қалды. Қайғылы жағдайа 22-сәуір күні түс ауа, сағат 15:35-те теміржол учаскесінің 3 347-шақырымында орын алған.

Атап айтқанда, №208 жүк пойызы аймақтағы теміржол мекемелерінің бірінде жұмыс істейтін электрмонтері, 1967 жылы туған азамат К мен электрмеханик, 1966 жылы туылған А-ны басып кеткен. Соның салдарынан бір азамат оқиға орнында мерт болып, енді бірі дене жарақаттарын алған. Бұл азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hk7OVfsHx5A[/youtube]