«Қыс шанаңды жаз сайла» немесе Жылу қымбаттай ма?

362

Жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Қысқа дайындық жұмыстарына кіріскен «3-энергоорталық» мамандары жылу ақысының жаңа тарифін есептеп жатыр. Баға өскенмен, сапа түзеле ме?

000Шымкентте тариф 6 жыл бойына тұрақталып келген. Осыған дейін жергілікті тұтынушы бір шаршы метрге берілетін жылу үшін 86 теңге төлейтін. Кірісі мен шығысын есептеуге кіріскен сала мамандары бағаның өсетінін болжағанмен, тарифтің қалай өзгеретінін дөп басып айта алмай отыр.

Қыстың қамын жаз ойлаған жылу берушілер келесі маусымға қызу кірісіп кетті. Сала мамандары бүгіннің өзінде дайындықтық жұмыстарының 30 пайызын еңсеріп тастапты.

Дегенмен, қыс қаһарына мінгенде жылудың сыр беретіні — ескі әдеті. Тұтынушы қауым өткен қыста суық үйде бүрсең қаққанын әлі ұмыта қойған жоқ. Боранды күндерде пәтерлерді жылытуға, тіпті, сұйық отынның да қауқары жетпеді. Дегенмен, жауаптылар үздіксіз жылу беруді қамтамассыз ету үшін құбырлардың 15 шақырымын қайта жаңартамыз деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oVoFwQDenv8[/youtube]

Сондай-ақ, тұтынушылардан тиісті төлемдерді өндіру де қиынға соғып тұр. Бүгінде «3-энергоорталықтан» жылумен қамтылатын халықтың 30 пайызы жылуға қарыз. Борышкерлердің ісі сотта қаралып жатыр. Қалай дегенмен, жылу берушілер алдағы маусымды өз деңгейінде атқаратынына сенімді. Алайда, «Халықты сапалы, үздіксіз жылумен қамтимыз» деп отырған орталықтың қазіргі дайындықтары қыстың ызғарлы күндерінде сыналады.