«Мәдениетім – мерейім» фестивалі басталды

232

Облыс орталығында 3-рет өтіп отырған «Мәдениетім мерейім» атты мәдениет күндерінің шымылдығын Шымшаһардың өнерпаздары түрді. Дәстүрлі шара 21 мамыр – Халықаралық мәдени даму күніне орай тұспа-тұс келгендіктен, облысымыздың мәдениет саласының бірқатар қызметкерлері облыс басшыларының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Мәдениет қызметкерлерінің марапатталуы
Мәдениет қызметкерлерінің марапатталуы

IMG_9718

Шымшаһардың биылғы мерекелік шарасының негізгі мақсаты – әуесқой және жасөспірімдердің сахнаға шығуына мүмкіндік жасау. Бір жарым сағаттық бағдарлама барысында қаланың арнайы үйірмелері мен топтық өнерпаздары өнерінен шашу шашып, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

IMG_9731

IMG_9730

IMG_9732

IMG_9738

IMG_9747

IMG_9743

IMG_9729

Айтулы шара аясында 2 ай бойы өлкеміздің 15 қала-ауданының өнерпаздары әр аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері қолөнер, ән, би секілді көптеген өнер жанрлары бойынша сайысады.