Шымкент өнерпаздары өрледі

312
би де, ән де, күй де болды шымкенттік өнерпаздардың қойылымында
би де, ән де, күй де болды шымкенттік өнерпаздардың қойылымында
би де, ән де, күй де болды шымкенттік өнерпаздардың қойылымында

«Мәдениетім мерейім» атты өнерпаздардың облыстық фестивалін шымкенттік таланттар жалғастырды. 14 аудан мен шахардың шығармашылық ұжымдары түрлі өнер жанрлары бойынша сынға түсуде.

Әдеттегідей шымкенттік концерт көрмеден басталды. Кескіндеме, бейнелеу, тоқу, жалпы қолөнерінің туындылары ұсынылды көрерменге. Жастар жағы алтыбақан тебісіп, кештің көрігін қыздырды.

Ақшаңқан киіз үй тігіліп, күбі пісіліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды. Ақ кимешек киген апалар ауылдың алтыауызын айтысты.

Бұл концерт басқа концерттен өзгерек. Шын талантты шыңдай білер көз керек. Шымқаланың бұрын сахнаға шықпаған, танылмаған таланттары шықты ортаға. Ең басты жаңалық та осы,-дейді сценарий авторлары.

«Мәдениетім-мерейім» фестивалі шілденің 4-не дейін жалғасады. Он бес концерттің үздігі сол кезде белгілі болмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_UjGmLwvJcg[/youtube]