Мәжіліс депутаттары Сарыағашта мүгедектермен кездесті

334

Он саусағының өнері өмірге деген құлшынысын арттырған Исмайл Құрбанмұратұлы бүгінде Сарыағаштағы «Қолдау» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Оның ендігі мақсаты — өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға білгенін үйретіп, шеберхана ашу. Сол себепті алпыстан астам мүшесі бар бірлестікке ғимарат пен автокөлік, жабдықтар беруді жергілікті биліктен былтырдан бері сұрап жүр. Алайда, аудан әкімдігінің көңілі жарымжан жандарға ескі Жигули мен тозығы жеткен тұрғын үйдің кілтін ұстатудан басқа амалы болмапты.

fererr
Исмайл Құрбанмұратов, «Қолдау» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы: «Мүгедектер істеймін деп тұрған кезде неге аудан әкімі бізге жәрдем бермейді? Неге жоғарыдағылар көмек бермейді бізге? Біз жұмыс істеп, халыққа өзіміздің күшімізді дәлелдедік. Мен Қазақстан бойынша барып, орын әкелдім. 20 қоларба әкелі,п таратып бердім. Кәсіпкерлерге барыңдар дейді. Кәсіпкерлерге барсаң, қағазымызды жыртып, алдымызға лақтырып жібереді. Әкімшілікке барсақ, кіргізбейді, болмаса жылатып алып қайтады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nl9g0DJCDOo[/youtube]

Мәселенің мән-жайына қаныққан мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдауға келген аудан басшыларын тұрғызды. Ал биліктегілер сол баяғы сарынмен уәде бере сөйледі.

hthfghgg

Исмайл Тасқұлов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары: «Бұл кісілер былтыр компютер сұраған. Компютер берген едік, бұл кісілер қабылдамай, қайтарып жіберді. Енді, қолданылған компютер еді. Бірақ, жұмыс істеп тұрған. Биыл жаңа жылдан бастап, жаңағы жұмыстар жасалынып жатыр. Биыл 6 тігін машинасын сұраған, сол машиналарды алып береміз.»

htyhrt

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты: «Бір айдан кейін мен өзім келіп кетем осы жерге. Мына үйді жөндеу деген ештеңе тұрмайды. Жігіттер бар. Намысы бар жігіттер бар. Ана машинаны жөндеу — не ол? Соны әңгіме қылуға болады ма? Шеберхана ашам десе, асарлатыңыздар. Елде тепсе темір үзетін жігіттер бар. Сондықтан, Исеке, егер осы жұмыс болмайтын болса, онда біздің ауданға деген барлық көңіліміз басқаша болады.»

Сонымен қатар сарыағаштықтар халық қалаулыларының алдында аудандағы жол, мектеп, газ мәселесін жеткізді. Депутаттар өз кезегінде аталмыш проблемалар бойынша үкіметке хат жазып, шешілу барысын жеделдетуге уәде етті.