Облыс орталығында 3-рет өтіп отырған «Мәдениетім мерейім» атты мәдениет күндерінің шымылдығын Шымшаһардың өнерпаздары түрді. Дәстүрлі шара 21 мамыр — Халықаралық мәдени даму күніне орай тұспа-тұс келгендіктен, облысымыздың мәдениет саласының бірқатар қызметкерлері облыс басшыларының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Шымшаһардың биылғы мерекелік шарасының негізгі мақсаты — әуесқой және жасөспірімдердің сахнаға шығуына мүмкіндік жасау. Бір жарым сағаттық бағдарлама барысында қаланың арнайы үйірмелері мен топтық өнерпаздары өнерінен шашу шашып, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айтулы шара аясында 2 ай бойы өлкеміздің 15 қала-ауданының өнерпаздары әр аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері қолөнер, ән, би секілді көптеген өнер жанрлары бойынша сайысады.