Нұрбанктің жаңа орталығы ашылды

244
"Нұрбанк" АҚ-ның қызметкерлері барлық банктің қызмет түрлерін көрстеуге дайын

Шымкентте «Нұрбанк» АҚ-ның жаңа банктік қызмет көрсету орталығы ашылды. Он екі жыл ішінде Нұрбанк аймақтық банк деңгейінен асып, республиканың беделді банктерінің біріне айналып үлгерді. Бүгінгі таңда «Нұрбанк» АҚ барлық банк қызмет түрлерін көрсетеді. Тармақталған бөлімшелер жүйесі мен әмбебап орталықтарға ие.

"Нұрбанк" АҚ-ның қызметкерлері барлық банктің қызмет түрлерін көрстеуге дайын
«Нұрбанк» АҚ-ның қызметкерлері барлық банктің қызмет түрлерін көрстеуге дайын

Нұрбанктің жаңа қызмет көрсету орталығының ашылуы мерекелік салтанатқа айналды. Әрбір клиентінің сенімі «Нұбанк» АҚ үшін басты орында. Сондықтан да банк клиенттері тұрақты, талай жылдан бері тек осы банкті таңдап келеді.

«Мен он жылдан бері осы банктің сеп болуымен өз бизнесімді дөңгелетіп келемін. Қызметкерлерінің де сыпайылығы ұнайды. Банк шарттары көңілімнен шығады. Талай жылдан бері әбден үйреніп алдым десем де болады» дейді Нұрбанктің тұрақты клиенті София Кулиева.

Қазақстанның барлық аймағында Нұрбанктің тармақталған бөлімшелері бар. Банк клиенттеріне ыңғайлы болуы үшін банк тұрақты түрде инфрақұрылымды жаңартып, жақсартып келеді.

«Жаңа орталықта бүкіл банктік қызмет түрлері көрсетілетін болады. Сенімдеріңізге сай болу үшін де қызмет етеміз. Шымкент қаласындағы Тәуке хан даңғылындағы жаңа банктік қызмет көрсету орталығына қош келіпсіздер!» дейді «Нұрбанк» АҚ филиалының басшысы  Адыбаев Сырым Жұманұлы.

Банктік қызмет көрстеу орталығының жігерлі де, қуатты қызметкерлері ақша жинақтарыңызды дұрыс пайдаланудың қыр сырын айтып береді. Депозиттерді таңдауға, сондай ақ, басқа да барлық банктік қызмет көрсетеді.