Оңтүстіктегі Көкбұлақ ауылының маңында тауар тиелген пойыз вагондарының рельстен шығуынан қираған шойынжол қалпына келтірілді. Бесінші мамыр күні 56 вагонның 29-ы рельстен тайып, бірнеше цистерналардағы улы күкірт қышқылы ауыл іргесіне төгілген болатын. Соның салдарынан мұндағы жұртты өзге аумаққа көшіруге тура келді.
Бүгінде төгілген химиялық заттың зардабы түбегейлі жойылды дейді жауаптылар. Бірақ, ауыл іргесінде аударылған цистерналарды алып кетуге әлі асығар емес. Дүйсенбі күнгі апаттың салдарынан қалааралық бағыттағы пойыздар бірнеше сағатқа кешіккен болатын. Бүгінде қатынас қайта жанданды. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының атқарған шұғыл шаралары нәтижесінде пойыз қозғалысы 6-мамырда қалпына келтірілген. Ресми ақпарат осындай. Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты оншақты жолаушылар пойызы бір сағаттан алты сағатқа дейін кестеден кешікті. Оқыс оқиға болған күні туыстарын жағалап кеткен Көкбұлақ ауылының тұрғындары үйлеріне қайтқандарын айтады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bPGcncMxKqg[/youtube]