Қаланың қақ ортасында қоғамдық көлік жанып кетті. «Наурыз» аялдамасына жетер-жетпестен қызыл алауға оранған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2q-_omK8iZU[/youtube]
Абырой болғанда, жолаушылар сыртқа шығып үлгеріпті. Куәгерлердің айтуынша, қызыл жалын қоғамдық көліктің астынан басталыпты. Автобус аялдамаға тоқтағанда өрт лаулап кеткен. Бұл — өткен аптада орын алған екінші оқыс оқиға. Бұған дейін №58 автобус қаланың дәл ортасында отқа оранған болатын.
Гауһар Байымбетова, ӨС және АҚЖҚ баспасөз хатшысы: «Автобустың моторы жанған. Оқиға орнында бір өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеді. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда.»