Спорт кешендерінде жаттығу тоқтады

1023
қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорт мектебінің спорт залы бүгінде бос тұр

Қатты соққан желден спорт мектептерінде де дайындық жұмыстары бүгіннен бастап тоқтатылды. Қауіпсіздік шаралары тағы екі-үш күнге жалғасады. Қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің басшылығы күні кеше бапкерлермен арнайы жиналыс жасап, осындай шешімге келген. Ал бүгінтаң ертеңнен бастап өзге де спорт ордалары шәкірттеріне бірнеше күн жаттығу болмайтынын хабарлады.

қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорт мектебінің спорт залы бүгінде бос тұр
№11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің спорт залы бүгінде бос тұр

Данияр Исабеков, қалалық №11 шығыс жекпе жек спорт мектебінің директоры: «Жел тұра бастағаннан бері-ақ балалардың қатары азайған болатын. Қауіпсіздік үшін сабақтар мен жаттығуларды тоқтаттық.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dVWwkruKD8w[/youtube]

Облыстық спорт мектептері де шәкірттерін кезектен тыс демалысқа жіберді. Тек әуесқой спортшылар ғана жаттығып жүр. Оның өзінде ересектер ғана. Мәселен, су спорты кешенінің басшылары бес жүздей шәкіртін үйіне қайтарды.

Орталық су спорт кешенінің есігі әзірге тек әуесқой спортшылар үшін ғана ашық
Орталық су спорты кешенінің есігі әзірге тек әуесқой спортшылар үшін ғана ашық
Кассаның алдында әдеттегідей кезек жоқ
Кассаның алдында әдеттегідей кезек жоқ