Тікелей эфирде ҰБТ тақырыбы талқыланады

335

Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына екі күн қалды. Түлектер тестке дайындығын пысықтап жатыр. Биыл Оңтүстікте жиырма мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады.

 

Бүгін «Отырар» телеарнасында ҰБТ тақырыбы талқылаға түседі. Сағат 16:00-де тікелей эфирге білім бақылау департаментінің өкілдері, қалалық білім бөлімінің мамандары мен психолог келеді.

Көкейдегі сауалдарыңызға жауап алғығыз келсе,тікелей эфирге 21-44-50 телефоны арқылы хабарласыңыздар.