Жаңалықтар 

Вокзалды “миналаған” жігіт сотталды

Шымкентте теміржол вокзалына “мина қойылған” деп хабарлаған жалған терроршы сотталды. Оның ісі Әл Фараби аудандық сотында қаралған болатын.

Еске сала кетсек, ақпанның 3-і күні белгісіз біреу Шымкенттегі теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған болатын. Соның кесірінен вокзалдағы адамдар қауіпсіз жерге көшіріледі. Саперлар минаны іздестіріп жатқанда вокзал жұмысы екі сағаттан астам уақытқа тоқтап, пойыздар кестеден кешікті.

Арада бір аптадан астам уақыт өткенде телефонмен әзілдеген жігіт ұсталды. Ол – Өзбекстан азаматы болып шыққан. Сол уақыттан бері жүргізілген тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданады. Айта керу керек, ұсталған жігіт өзінің кінәсін бірден мойындады. Сонымен, сот айыпталушыны 3 жылға жалпы режимдегі абақтыға жабу жазасына кесті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz