Теміржол вокзалынан бомба іздестірілуде

341

Шымкенттің тәртіп сақшылары теміржол вокзалынан бомба іздестіріп жатыр. Қазір вокзал маңы толығымен қоршауға алынған. Бөгде адамның кіріп-шығуына рұқсат жоқ. Ғимаратқа жарылғыш зат қойылған деген күдік бар.

Теміржол вокзалы
Теміржол вокзалы

Суыт хабар облыстық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне кешкі сағат 16:30да түскен. Хабарласқан адам вокзалға мина қойылды деп, тұтқаны қоя салған. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, саперлар, ОҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті депаттаментінің мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері жүр.

Барлық жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшілірген. Бейресми мәліметтерге сәйкес, пойыздардың жүріс-тұрысы да тоқтатылған болуы мүмкін.