Халықаралық «Israel Junior International» турнирінде алтын жеңіп алдық

306
Тәжірибе жинақтауға барған шымкенттіктер үйіне жүлдемен оралды, фото www.facebook.com/IsaelJuniorOpen сайтынан алынған

Шымкенттік бадминтоншылар әлемдік аренаны бағындыруда. «Israel Junior International» халықаралық турнирінде 17 елдің спортшылары бағын сынаған болатын. Олардың арасынан жерлестеріміз топты жарып, бір алтын, бір күміс және алты қола медальді қанжығаға байлады. Бұл жүлдені еліміздің төрт бадминтоншысы жеңіп алды. Оларды бұл жарысқа облыс мақтанышы Вероника Сорокина дайындаған болатын.

Жұптық кездесулерде де жерлестеріміз құр алақан болмады, фото www.facebook.com/IsaelJuniorOpen сайтынан алынған
фото — facebook.com/IsaelJuniorOpen

Вероника Сорокина, бадминтоннан ОҚО жаттықтырушысы: «Бұлар — біздің алғашқы қарлығаштарымыз. Олар алаңға шыққанда қатты қобалжыдым. Оның үстіне бұл жасөспірімдер мұндай деңгейдегі жарысқа бірінші рет шығып отырғаны тағы бар. Ең бастысы — тәжірибе жинақтау болатын. Дегенмен, жүлделі де болдық. Бұл — біз үшін үлкен жетістік.»

оңтүстіктің ең кішкентай теннисшілері жасөспірімдер арасында ғана сынға түсті, фото www.facebook.com/IsaelJuniorOpen сайтынан алынған
Оңтүстіктің ең жас спортшылары жасөспірімдер арасында сынға түсті

Елизавета Харченко, халықаралық жарыстың жеңімпазы: «Алтын медальды таққанша асықтым. Әрине, оңай кездесулер болды деп айту өте қиын. Бірінші ойынды 3:3 есебімен аяқтадым. Екіншісі — 5:8. Ширек финалға шығуда мықты қарсыласпен кездестім. Оны 18:14 есебімен жеңдім.»

Оңтүстік Қазақстанның ең жас бадминтоншылары да халықаралық жарыстан құр алақан қайтқан жоқ. 10 жасар Багдан Назаров және 9 жасар Дарья Ичитонова алты бірдей медальды жеңіп алды.