Жұманазар Ерсұлтанов: «Ендігі мақсатым — «Қазақстан барысы» атану»

869
Сабыржанға алтыннан алқа тағу бұл күні бұйырмапты

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Оңтүстік барысы» анықталды. Облысымыздың барлық аудандарынан жиналған 32 палуан боз кілемнің төрінде сынға түсті. Олардың арасында «Қазақстан барысы-2013» сайысының қола жүлдегері Жұманазар Ерсұлтанов та болды.

165 келі салмақтағы палуан соңғы бір айдың ішінде екі бірдей доданы жеңіп, алдымен «Шымкент барысы» атанды. Кейіннен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің темір тұлпарына да мінді. Енді, міне, «Оңтүстік барысы» турнирінде топ жарып отыр. Бұл жолы жерлесіміз бір миллион теңгені қоржынына салды. Ал ақтық кездесуде Жұманазармен белдескен Сабыржан Әбілдаұлы күміс медаль және бес жүз мың теңгеге ие болды. Бұл қос палуан енді Оңтүстіктің намысын ресупбликалық «Қазақстан барысында» қорғауға тырысады.

Жұманазар Ерсұлтанов: «Биылғы дайындығымыз жақсы. Соңғы үш жеңіс оның айғағындай. Ендігі мақсат — «Қазақстан барысы» атану.»

32 палуан "Оңтүстік барысы" атағын сарапқа салды
Жарысқа 32 палуан қатысты

Облыс тарихында алғаш рет жеңілатлетика манежінде алғаш рет киізүй тігілді

Бұл күні спорт алаңына қонаққа батырлар да келіпті
Бұл күні спорт алаңына қонаққа батырлар да келіпті
Алғаш рет спорттық жарысқа облыс әкімі Асқар Мырзахметов та келді
Алғаш рет спорттық жарысқа облыс әкімі Асқар Мырзахметов та келді
Жарыс бір күн бойында өтті
Жарыс бір күн өтті

трибуна да жанкүйерлерге лық толды

Жреби тасталынып, палуандар өз қарсыластарымен танысты

Палуандардың салмағы 80 келіден арта түсуі тиіс болатын
Палуандардың салмағы 80 келіден арта түсуі тиіс болатын
Жұманазар әр кездесуінде бір минутқа жетпей-ақ қарсыласынан басымдылық танытты
Жұманазар әр кездесуінде бір минутқа жетпей-ақ қарсыласынан басымдылық танытып отырды
Жұманазар екінші кездесуін 17 секундта жеңіспен аяқтады
Жұманазар екінші кездесуін 17 секундта жеңіспен аяқтады
 165 келі салмақты палуанға салмағы жағынан да ептіліг жағынан да тең келер палуан табылмады
165 келі салмақты палуанға салмағы жағынан да, ептіліг, жағынан да тең келер палуан табылмады
Әр жекпе-жек тартысты өтіп, жанкйүерлердің есінде көпке дейін сақталары сөзсіз
Әр жекпе-жек тартысты өтіп, жанкүйерлердің есінде көпке дейін сақталары сөзсіз
Ақтық сынақта Сабыржанмен Жұманазар шықты
Ақтық сынақта Сабыржан мен Жұманазар кездесті

Сабыржанға алтыннан алқа тағу бұл күні бұйырмапты

нәтижесінде Жұманазар Ерсұлтанов бір айдың ішіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
нәтижесінде Жұманазар Ерсұлтанов бір айдың ішіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Сабыржан екінші орыннан көрініп, 500 мың теңгеге ие болды
Сабыржан екінші орыннан көрініп, 500 мың теңгеге ие болды

Енді Жұманазармен Сабыржан облыс намысын "Қазақстан барысында" қорғайтын болады