Қолыңызға күнгейдің баспасөз нарығына осыдан 4 жыл бұрын (2010 жыл. 1-қыркүйек) қосылған «Оңтүстік Рабат» газетінің 200-ші нөмірі тиіп отыр.
Сексен, тоқсан жылдық тарихы бар қарт басылымдардың жанында кеше туған баламен бірдей екенімізді білеміз, әрине. Сол үшін де 200 нөмірді тойлап, түрлі-түсті бояумен көркемдеп жатуды артық деп санадық. Бұл жолы да Сіз ұсынған тақырыптарды талқыға салуға асықтық, оқырман! Сіз сұрау салған сұрақтарға жауап іздеуге, сіз көтерген мәселенің мән-жайын білмекке талпындық.
«Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистика деп аталатын қоғамға ақпарат таратушы, ағартушы саланың атына кір келтірмей, шындық пен әділдіктің жаршысы болу – басылым қызметкерлерінің ең бірінші кезектегі міндеті. Осы мүдде үдесінен шығуға тырысып жүрміз.
Сондықтан да… 200-ші нөміріміздің шыққанын жәй ғана есіңізге салып қояйық дедік.