Әскерилер балғындарға қуаныш сыйлады

«Балаларға бақытты болашақ сыйлайық!» Шымкенттегі 55/652 әскери бөлімінің жетекшілігі ата-ана қамқорлығынан мақұрым қалған балаларды «Оңтүстік цирктің» кезекті қойылымына апарып, көңілдерін аулады.

Оңтүстік Цирк

Жабайы табиғаттың серкелері сес көрсетіп, ақ пен қара шайқасқан бұл қойылым да әділеттілік пен ақ сезімді үгіттейді. «Оңтүстік цирктің» өнерлі ұжымы бұл маусымда кішкентай балғындарды «Джунгли» табиғатына саяхаттатып, акробаттардың таң-тамаша өнеріне сүйсіндірді.

Цирк

Карина Ли, №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мен сахнада қыздар билегенін көрдім. Осы жаққа мені аға-әпкелер шақырды. Маған цирк қатты ұнап кетті. Менің көңіл-күйім көтеріңкі болды. Маған сайқымазақтар және қыздардың билегені ұнап қалды.»

Цирк

Шымкенттегі №3 балалар үйінің 70 тәрбиеленушісіне мұндай қызықты сыйлаған — қаламыздағы 55/652 әскери бөлімінің жетекшілігі. Күн-түн демей Отанды қорғап, балақайлардың жайын да ұмыт қалдырмаған әскери бөлім ата-ана қамқорлығынан ерте айрылған балаларға аз да болса қуаныш сыйлауды талай жылдан бері парызына айналдырған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qlJry_SyKn0[/youtube]

Цирк

Гүлдана Есжанова, 55/652 әскери кеңесінің төрайымы: «1998 жылдан бастап біздің әскери бөлім осы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқоршылыққа алып келеді. Жыл сайын балаларға осындай іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз. Өйткені, олар — біздің кемел келешегіміздің кепілі.»