«Қазақтелеком» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөліміне биыл — 20 жыл. Мерекелік шара аясында байланыс қызметкерлері ерекше құрметке бөленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Ұжымның мерейтойына біз де арнайы барып, құттықтап қайтқан болатынбыз.
Ақ тілек-құттықтаулар, құшаққа толған гүл шоқтары, құрмет-марапаттаулар. Мұндай мерекелік тартулардың барлығы да «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлеріне арналды. Мекеменің 20 жылдық құрметіне орай, байланыс қызметкерлерімен қатар, ұжымда 20 жыл қызмет еткен еңбеккерлер және ардагерлері марапатталды.
Наркүл Жайсапарова, «Қазақтелеком» АҚ ОҚОФ ардагерлер кеңесінің төрайымы:»Бізді бастықтар шақырып марапаттап жатыр, оған біз өте қуаныштымыз. Мекеменің менен бөлек, 242 ардагері бар. Бәрімізді де ардақтап, әрдайым осылай құрметке бөлейді. Жылына 3 рет бізді марапаттайды. Мәселен, 9-мамыр күні, сосын байланыс күні, қарттар күнінде де бізге келіп, гүл шоқтарын табыстап, қаржылай сый табыстайды».
Мерейтойда «Қазақтелеком» АҚ-ның үздік қызметкерлері де марапаттан шет қалмады. «Үздік байланысшы» құрметті атағы да табысталды. Ал мекеменің басшылығы, 20 жылдың ішінде ұжымның жеткен жетістіктері аз емес деп отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_EfiqPdU9uA[/youtube]
Нұрлы Бектұрсын, облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры:»Қазір тиімді қызметін айтатын болсақ, 300 мыңға абонетіміз бар. Бұл бізді қуантады. 85 мыңдай интернетпен қолданатын абоненттеріміз бар, соның ішінде жаңа технологиялар да көптің сұранысына ие. Осы ғаламтор қызметтері бойынша әлі дамытамыз деген ой, жоспарлар бар».
Айта кетейік, бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметіне қаламыздың мыңдаған тұрғыны жүгінеді. Ал байланыс ұжымында 1700 қызметкер жерлестеріміз үшін қызмет етіп келеді.