Қошқар ата өзенін абаттандыру аяқталды

1146

Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру, көріктендіру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Көлемі 12 гектарды алып жатқан аумақта жаңа демалыс аумағы бой көтерді.

Өзеннің жағасындағы 3 шақырым аумаққа жаңа орындықтар, спорт және балалар ойын алаңшасы салынған. Қошқар ата өзеніне келіп, демаламын дегендер үшін барлық жағдай жасалған. Айта өтейік, абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 432 миллион теңге бөлінген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NkHmIYj8Tfo[/youtube]

Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Жоба бойынша өзен суына шомыламын деушілерге 3 орын қарастырылған. Біріншісі өзеннің басында болса, екіншісі — орта тұсында, ал үшіншісі аяқ жағында орналасқан. Жаңа көрікке ие болған демалыс аймағын тәртіп сақшылары күндіз-түні күзетеді.