Қылмыстық кодекстің жаңа жобалары таныстырылды

341
Жиын облыстық прокуратура ғимаратында өрбіді

Қылмыстық құқықбұзушылыққа жеңіл жаза қолданылуы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық прокуратурада сот өкілдері, облыс-аудандық құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында айтылды. 

Келер жылы күшіне енетін қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін сот өкілдері, облыс-аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, тергеушілер мен анықтаушылар талқылады. Қатысушылар аталған жобаның ерекшеліктері мен тиімді тұстарын іздеді. Жаңа жоба бойынша жасөспімірдерді зорлық-зомбылыққа итермелегендер өмір бойы балалармен жұмыс жасау құқығынан айырылады. Бұған қоса қылмыстық іс жүргізу кодексінің айтулы өзгерістеріне қылмыс пен құқықбұзушылық бойынша жазалау тәртіптері ұшырап отыр. Және қылмыстық құқықбұзушылыққа жеңіл жаза қолданылуы да қарастырылмақ.

Жиын облыстық прокуратура ғимаратында өрбіді

Ербол Естаев, облыс прокурорының көмекшісі: «Құқықбұзушылық орын алған жағдайда тұтқындалу жазасы қолданылады немесе белгілі мөлшерде айыппұл салынады деп қарастырылған. Және түзету мен қоғамдық қызметтеріне жегіледі. Яғни, құқықбұзушылылықтың осындай айырмашылығы болады. Қылмыстық құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғандар 3 жылдың ішінде мемлекеттік қызметке тұра алмайтынын да айтқым келеді.»

Өзгертілген қылмыстық кодексте айтылғандай, ауыр қылмыс жасап, адам өлтіргендерге аяушылық болмайды. Ауыр жаза бұрын да болған. Дегенмен, жаңа жобада жауапкершілік қатаңдатылған.

«Адам өлтіру қылмысына қатысты бас бостаныдығынан айыру мерзімі ұзартылады. Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің талабына сәйкес, 6-15 жыл аралығында жазасын өтеушілер 8-15 жылдан алады. Ал екіншісі, 10-20 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы 15-20 жылға ұзартылмақ» дейді құқыққорғаушылар.

Айта кетейік, жаңа талаптар жаңа технология мен медицина саласындағы қылмыстың алдын алу үшін де арнайы баптар қарастырылған.