Алғашқы күні әлемдік додада екі жерлесіміз алтыннан алқа таққаны белгілі болған еді. Ал жарыс соңына қарай Оңтүстіктің үш былғары қолғап шебері бірінші орыннан көрінді.
Чемпиондардың арасында Шымкенттің бес боксшысы да бар. Олар — 56 келіде сынға түскен Қайрат Ералиев пен 49 келілік Олжас Байниязов. Сондай-ақ, Бекман Сойлыбаев, 75 келіде бақ таластырған Бобиржон Моминов және ауыр салмақтағы Асқар Абдуллаев. Бұл жолы 20 елдің боксшылары ринг төрінде қолғап түйістірген болатын. Оңтүстік спортшыларының жеңісінің нәтижесінде отандық құрама командалық есепте бірінші орынға көтерілді.