Арыс қаласында таңғы сағат 7:28 де орын алған жарылыс, «Қазақжарылысөнеркәсіпте» болды. ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты оқ дәрі жоятын өндірістің кәдеге жарату пункітінің №1 бақылау-тексеру бекетінде оқ-дәрі өртенген. Салдарынан 26 жастағы жігіт пен 32 жастағы келіншек көз жұмыпты. Ал, цех маңында жүрген ауысым басшысы қолынан жеңіл жараланған көрінеді.
Қас-қағым сәтте өртенген оқ дәрінің қысымы тіпті ғимараттың қабырғаларын қиратыпты. Десе де, мамандар жарылыстың неден болғанын айта алмай отыр. Нысанға қойылған бейне бақылау бұл сауалдың шешімін табуға көмектесер деп үміттенеді.
Біздің түсірілім топ, жарылыс болған аумаққа кіре алмады. Мұндағы автомат асынған күзетшілерден өту мүмкін емес. Учаске басшысы Алтынбек Керімбеков қызметкерлер ішке сіріңке де алып кіре алмайды. Оқ дәрінің қалай тұтанғанын білмей дал болып отырмыз дейді. Әзір мұнда ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура және құтқарушылар анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мұнда арнайы топ жіберген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aVy7jmLVoTs[/youtube]
Бүгінгі жарылыста көз жұмған азамат жақында ғана шаңырақ көтерген екен. Ал, 32 жасар келіншектің артында жалғыз қызы тұл жетім қалды. Өйткені, оның күйеуі 2009-жылы «Қазарсенал» ЖШСнің қоймасында орын алған жарылыста қаза тапқан. Яғни бұл Арыстағы қару-жарақ сақтау қоймаларында орын алған алғашқы жарылыс емес! Ал, «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚның басшылығы қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беруді ұйғарып отыр.