Арыстағы жарылыста екі адам қаза тапты

480
сурет интернеттен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймада жарылыс болып, 2 адам қаза болды, тағы бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы  ОҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

сурет интернеттен алынды
сурет интернеттен алынды

Жарылыстан аман қалған 1966 жылы туған ер адам 1 дәрежедегі күйік алған. Үшеуі де кәсіпорынның қызметкерлері.

Облыстың ТЖД хабарлағандай, «Қазақжарылыспром» АҚ қоймасында жарылыс таңертең 7:40 кезінде оқ-дәрінің тұтануы салдарынан болды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Естеріңізде болса, 2009-шы жылы Арыс ауданында «Қазарсеналдың» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнде жойқын жарылыс болған еді. Сол кезде оқиға орнында үш адам көз жұмып, 12 адам ауруханаға түскен.