Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде тапа-тал түсте атыс болды. Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жоғары оқу орнының алдында күзетшіге оқ атылған. Оқыс оқиға орын алған аумаққа қала тұрғындары көптеп жиналады. Бұл маңда аялдама да бар.
Күдіктілер Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс нысанын күзеткен азаматқа оқ атқан. Ол азамат құрылыс нысанына кіріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне жол ашпақ болған. Осы арада тұрған ақ түсті «Мерседес» автокөлігінде болған азаматтар күзетшіге кері сөз қайтарса керек, араларында дау туындап, аяғында тапаншадан оқ атылған. Жәбірленуші қолынан жарақат алып, дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті. Куәгерлердің айтуынша, көлік ішінде тағы үш бала болған. Олардың барлығы оқиға орын алған соң көліктерін тастай салып, тайып тұрған. Қазір сезіктілерді іздеу жалғасуда.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AiClsfEF5T8[/youtube]