Біркөлік тау бөктеріндегі «Бәйшешек» сауықтыру орталығында дзюдодан Қапал батыр атындағы халықаралық турнир жалауын көтерді. Осымен он бесінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге 1997-1998 жылы туылған жасөспірімдер қатысты. Оған еліміздің әр облыстары мен Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның 200-ден аса палуандар келген. Жарыс екі күнге жалғасады.