Ет-сүт өнімдері сатылатын сөрелер ашылды

682

«Айна» базар кеңейіп келеді. Бүгін сауда орнында ет-сүт өнімдері сатылатын сөрелер қатары көбейді. Ондағы азық-түлік тауарлары Ресейден алынған озық жабдықта сақталады. Базар басшысы енді жеміс-жидек, көкөніс қатарларын да көбейтуді қолға алмақ.

Бүгін мұнда ет-сүт өнімдерінің саудасы қыза түсті. Келушілер әсіресе қымыз-қымыран, май мен құрттың түр-түрін сатып алып қарқ болды. Жаңадан сойылған жылқы, сиыр, қой еттері де сөрелерде самсап тұр. Қолдан әзірленген қазы-қарта мен жал-жаяны да таңдап жүріп аласыз.

Базар басшылығы маусым кезінде жеміс-жидек, көкөністің қатарын да көбейтпек. Қазірдің өзінде мұнда қауын-қарбыз, банан, шие, ас-көктің сан түрі саудалануда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TKdIjCjr2WA[/youtube]

Базар басшылығы әсіресе сауда орталығының қауіпсіздік шараларына баса назар аударып отыр. Ал Ресей технологиясымен жасалған озық апараттар азық-түлік өнімдерін санитарлық талаптарға сай сақтауға ыңғайлы. Ал жуырда ғана пайдалануға берілген автотұраққа 200 көлік емін-еркін кіріп-шыға алады.