Базарларда тоңазытқыш бар ма?

465
Базарларда тоңазытқыш бар ма?

Күнделікті тамақ өнімдерінің сапасы қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Әсіресе ет, сүт және балық өнімдерін саудалайтын базарларда мұздатқыштың бар-жоғы өзекті сауалға айналғанын айтады. Біздің түсірілім тобы Шымкенттегі бір базарда болып, сөрелерге шығарылған өнімдердің сақталу жағдайымен танысып қайтты.

Базарларда тоңазытқыш бар ма?

Бұл – «Айна» базарындағы сүт өнімдерін саудалайтын павилион. Роза Қарабаева мұнда 12 жылдан бері құрт, сүзбе, қымыз, қымыран және сүт өнімдерін саудалайды. Өзі сатқан ағарғанның әр түріне кепілдік береді.

Аптап ыстықта тез бұзылатын өнімнің бірі – балық. «Айна» базарында теңіз өнімін сататын бір ғана орын бар. Тұтынушылардың сөзіне сенсек, өнімі балғын әрі сапалы.

Жасыратыны жоқ, бұл базардағы ет павилионы қаладағы ең ірі сауда орнына жатады. Аудандардан жеткізілетін еттің басым бөлігі осында саудаланылады. Себебі 100 тонналық мұздатқыш орнатылған. Бұл – базар басшылығының жауаптылығынан туындаған дүние.

«Айна» базарындағы жағдай осындай. Ал алып мұздатқыштың аптап ыстықта қалай жұмыс жасайтынын уақыт көрсетеді.

Нұрлан Жаңабай