Кәсіпкерлер құқығы қорғалады. Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қатысты 500-ден астам заңсыз тексеру фактісі анықталған. Қадағалау органы іскер азаматтардың кәсібіне кедергісін келтірген лауазым иелерін жауапкершілікке тартты. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыстық прокуратура жанынан құрылған жедел топтың басқосуында мәлім болды.
Жыл басынан бері прокуратураның сенім телефонына құқығы аяқасты болған 21 кәсіпкерден хабарлама түскен. Олар бойынша 4 бірдей қылмыстық іс қозғалып, бизнеске кедергі келтіргендер жауапқа тартылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз атанып, алайда, тиісті қаражатқа қолы жетпей жүргендер де қадағалау органы қызметкерлерінен араша сұраған. Айта кетейік, жедел топтың араласуымен кәсіпкерлерге қатысты тексерулер біршама азайып, іскер азаматтардың ісін дөңгетуіне жол ашылған.