Көлік инспекторлары Жетісайда рейдке шықты

354

Жетісайға жету қиын. Жетісайлықтар жоғарыға арыз жазып, ауданға барар жолдың талқандалып кеткенін айтқан болатын. Үлкен жүк көліктерінің шамадан тыс артқан жүктеріне жол шыдас бермейді дейді ауыл ақсақалдары. Осы шағымға байланысты өңіраралық көлік инспекциясы, «Нұр Отан» партиясы және прокуратура өкілдері жол бойында үш күндік рейд өткізді.

Жетісайға жеткенше жолдан үлкен жүк көліктерін жиі кездестіресіз. Артылған тас пен құмның салмағын жол бойына қойылған таразымен анықтау қиын емес. Дегенмен түрлі себептермен көліктерін таразыдан өткізуден жалтаратындар кездесті.

Мұндай қулықтар көлік инспекторларына жақсы таныс. Айтқанға көнбегендердің көліктері айып тұрағына жеткізіліп, заңға бағынбағаны үшін қосымша айып салынады. Артық жүк артқаны үшін салынатын әкімшілік айыппұлдың көлемі де аз емес.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=L60EWbUgCPU[/youtube]

[youtube]www.youtube.com/watch?v=-RPxjhxUl88[/youtube]

Бір күндік рейдте 30-ға тарта жүк көліктерінің иелерін әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың көбісі — жеке кәсіпкерлер. Ауданда 4 мердігер компания жұмыс жасайтыны да белгілі болды. Алайда барлығында арнайы берілген рұқсатары бар. Бір ғана корпорация 21 жүк көлігіне рұқсат алып, бюджетке қомақты қаржы құюда. Онда да шамадан тыс жүк артуға тыйым салынған. Өйткені, заңға бағынбаған жеке көлік иелеріне қатаң шара көріледі.