Мәдениет министрі: «Қазақ — бейшара халық емес!»

Қылқаламмен бейнелеуде ұлттық менталитетімізді өзгертуіміз қажет. Оңтүстікке арнайы іс-сапармен келген мәдениет министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы облыстағы суретшілердің қазақ батырлары мен аналарының келбетін кескіндегеніне көңілі толмады. «Қазақ батырын салсақ, қысқа мойынды, анасын қазан-ошақ басындағы мұңайған кейіпті бейнелеуге үйреніп қалған жаттанды протатип шаршатты» дейді министр.

Оңтүстікке ҚР Мәдениет министрі келді

Суреттің мақалаға қатысы жоқ
Суреттің мақалаға қатысы жоқ
Суреттің мақалаға қатысы жоқ
Суреттің мақалаға қатысы жоқ

Арыстанбек Мұхаммедиұлы, ҚР Мәдениет министрі: «Кеңестік психологиядан қалған ба, біз міндетті түрде қазақтарды көрсек, бейшара етіп көрсетеміз. Әйел адам болса, оны қазан-ошақтың қасына отырғызып, мұңайтып қоямыз. Егер Алдар Көсе болса, мыжырайып қалған, алдамшы, ұсқынсыз біреу, бай адамды көрсетсек, ол міндетті түрде семіз, сорақы, толық, икемсіз болуы керек. Негізінен, Алдар Көсе — өте әдемі жігіт. Былайша айтқанда, дүние жүзімен салыстырсақ, Робин Гуд сияқты. Оның халықты алдағанын емес, кедейлерге көмектесу үшін болысқанын бейнелеу керек. Байлардан бір нәрсе алу үшін оған үлкен ақыл керек. Үлкен ержүректік керек. Біз кейіпкерлерімізді сондай образбен көрсетуіміз керек!»

Оңтүстікке ҚР Мәдениет министрі келді

 

Мәдениет министрін облыстық опера және балет театрының ұжымы үлкен дайындықпен қарсы алды. Театр ашылғалы тұңғыш рет табан тіреген Арыстанбек Мұхаммедиұлына шағын кеш ұсынған жергілікті ұжым «бір оқпен екі қоянды атуды» жоспарласа керек. Министрдің алдына жалақыны көтеру мәселесін қойды. Өйткені, өнер ұжымындағы көп қызметкердің айлығы шайлығына жетпейді екен.

Оңтүстікке ҚР Мәдениет министрі келді

Оңтүстікке ҚР Мәдениет министрі келді

Оңтүстікке ҚР Мәдениет министрі келді

Бауыржан Рахманов, облыстық опера және балет театрының директоры: «Қызметкерлеріміз орташа есеппен 40-50 мың теңге жалақы алады. Кейбіреуі еңбек өтіліне қарайды. Айлығы 40 мың теңгеге де жетпейтіндер де бар. Ал дәл сондай мамандар Алматы мен Астанада біздегіден екі есе артық айлық алады. Сондықтан, біздің ұжымда пәтер жалдап тұратындар көп. Көпшілігі — әншілер. Олар ән айту үшін жақсы тамақтануы да керек. Ал бізде күннен-күнге қымбатшылық жайлап барады.»

Бірақ, әртістердің жағдайының төмендігімен министр мырза келіспейді. Әрі Алматыдағыдай жалақы алу үшін өнер ұжымы өте көп тер төгу керек деді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rBU_9BykBow[/youtube]

Арыстанбек Мұхаммедиұлы, ҚР Мәдениет министрі: «Әр ұжымға еңбегіне сай академиялық атақ беріледі. Ол заңды түрде. Әрине, Шымкент опера театры жылдамырақ биік деңгейге жетсе, оған міндетті түрде академиялық атақты беру керек болады. Сол кезде сол заңға байланысты айлықтары екі есе өседі. Ол бір шетінен дұрыс заңдылық. Ашылмай жатып барлығына академиялық атақ, мәдени атақ беріп жатса, ол өнер ұжымының ары қарай жылжуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта, мен сізге шынымды айтайын, Оңтүстік Қазақстандағы өнер ұжымдарының жағдайы біршама жақсы.»

Арыстанбек Мұхаммедиұлын «Оңтүстік цирктің» ұжымы да жаңа бағдарламасымен қуантты. Облысқа келіп, үлкен әсер алған министр біздегі өнер ұжымдарының шығармашылығына тәнті болып, алғысын жаудырды.