Мемлекеттік қызметкерлер сахнада өнер көрсетті

484
Мемлекеттік қызметкерлер алғаш рет көңілді тапқырлар клубында өнер көрсетт

23- маусым мемлекеттік қызметкерлер күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 жылы бекіткен дата елімізде биыл алғаш рет аталып өтілуде. Бүгінде республика көлімінде 90 мың мемлекеттік қызметкер бар. Олардың 49 мыңын нәзік жандылар құрайды. Билік өкілдігіне ОҚО-да 8 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Олардың бір жарым мыңнан астамы жастар. Бұл өлкеміздегі жалпы көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Қазіргі таңда өңірімізде 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бос тұр.

Бұл ауылшаруашылығы мен техникалық мамандардың тапшылығынан орын алып отырған жәйт. Ал мемлекеттің қызметкерлердің мәселесі көбіне халықтың талап-тілегін уақтылы қарамауынан тәртіптік кеңесте талқыланады екен.

Берік Бекжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің ОҚО бойынша басқарма басшысы:»Көбіне халықтың арыз шағымдарын қарауда өрескел заң бұзушылықтар орын алып жатады. Тәртіптік кеңесте, мемлекеттік қызметкерлер бұған байланысты объективті түрлі жағдайлар болғанын айтады. Алайда заңның аты-заң. Хаттар 30 жұмыс күнінде қаралуы тиіс.»

Мемлекеттік қызметкерлер алғаш рет көңілді тапқырлар клубында өнер көрсетт
Мемлекеттік қызметкерлер алғаш рет көңілді тапқырлар клубында өнер көрсеті

Биыл алғаш рет атап өтілген мемлекеттік қызметкерлер күнінің бір ерекшелігі — шенеуніктер де кәдімгі адам екенін ұқтырғандай болды. Олар сахнаға шығып, әзілден кенде емес екендігін байқатты. Ән айтып би де биледі. Көңілді тапқырлар сайысына әр ауданның шенеуніктерінен жасақталған 14 команда қатысты. Әзілдерін алғаш болып Бәйдібек ауданының қызметкерлері алып шықты. Бірінші рет өтіп жатқан шараға қатысқан команда мүшелерінің сахнаға шығуы алғаш рет екен.

Нұрғали Айтбаев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары: «Ешқайсымыз бұрын сахнаға шығып көрмегенбіз. Тақырыбымыз мемлекеттік қызметтің бұрынғысы мен қазіргісін салыстырмалы түрде жеткізуге тырыстық. Жақында спорттан спартакиада өткен болатын, сонда 3 орын алғанбыз. Сол жеңісті қайталасақ деген үміт бар.»

Қызметкерлер өз саласын әзілмен, жан-жақты жеткізуге тырысты. «Бастық, шенеунік» десе жалтақтаушылық пен жағымпаздық іс-әрекет және ұлттық менталитетіміз сайыстың өзекті тақырбы болды. Қалжыңқойлар кешінде Қазығұрттықтар жүлделі орынның үштігін қортындыласа, Кентаулықтар екінші орынды иемденді. Ал әзілі ұтымды, ең тапқыр деп Түркістандық мемлекеттік қызметкерлер танылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xy_SnWaEVZc[/youtube]

Мирсали Фузаилұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы:»Әрбір мемлекеттік қызметкер алдына келген қарашаны жылы шыраймен қарсы алып, оның мұң-мұқтажын тыңдап, оның шешілуіне ат салысуы керек.»

Мерекелік шара аясында, әр салада өзінің қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар билік өкілдері мемлекеттік қызмет агенттігі және жергілікті билік атынан марапатқа ие болды.