Берік Уәли — мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хатын алып, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған. Кезінде «Дода» ток шоуы үшін Қазақстан журналистер академиясы тағайындаған «Алтын жұлдыз» сыйлығына қол жеткізген, Алаш жұртына белгілі журналист Берік Уали Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Берік Уали Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары және баспасөз хатшысы қызметін қоса атқарған болатын.