«Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Қаламыздағы «Шәмші әлемі» гүлзарында 11 жыл бойы оқуда озат болып, соңғы көрсеткіште жоғарғы бал жинаған түлектер облыс әкімінің алғыс хатын алды.
Мектеп формасын соңғы рет киген түлектер «Шәмші әлемі» гүлзарында бас қосты. Ұстаздарының сенімін ақтап шыққан олардың алдында әлі де талай белес бар. Бағындырамыз деп сенеді де.
Ұлпан Ержанова, «Алтын белгі» иегері: «Менің осындай жеңісімнің себепкері бар. Ол — әрине, ата-анам және ұстаздарымның үлкен жұмысы. Болашақта Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті атанып, ел болашғына өз үлесімді қосқым келеді.»
Наргиза Әшір, «Алтын белгі» иегері: «Керемет әсердеміз. Аллаға мың шүкір! Бізді Асқар Исабекұлының өзі құттықтады. Ал ұстаздарыма, мектебіме айтар алғысым мол! Әрине, сыныптастарымды сағынатын боламын.»
Айта кетейік, облыстың білім деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары. Биыл 1131 оқушының 435-і «Алтын белгі» иегері атанды. Толықтай 125 бал жинаған екі түлек облыс әкімінен 500 000 теңге көлемінде сыйлық алды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ОҚО мектеп түлектерінің орта көрсеткіші — 74,5 балл болды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R934Ft8k5Ss[/youtube]
Салатанатты шарада облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы сөз сөйлеп, түлектерге тек табыстар мен жеңісті күндер тіледі. Ел ертеңі ретінде үлкен сенімін білдірді. Ал алдағы уақытта «Алтын белгі» иегерлері жоғарғы оқу орындарының қабырғасында да өз білімдерін дәлелдеуі тиіс.