Облыс басшысы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

177

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тиісті сала басшыларымен бірге Шымкент қаласында құрылысы жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен Бадам өзені жағалауындағы құрылыс қарқынымен танысқан өңір басшысы облыс орталығының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан нысандарды аралады. Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын да тыс қалдырмады.

Облыс басшысы тарихи-өлкетану музейі мен этносаябақтың құрылысын көріп, тиісті сала басшыларына нысан басында бірнеше тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.