Таяуда қала аумағына енген елдімекендердің жолақы мәселесі де шешіліп келеді. Бұған дейін жолай «ГАЗельдермен» немесе жекеменшік таксилермен қалаға қатынап жүрген сайрамдықтар үшін бүгінде Шымқалаға бір бағыттағы қоғамдық көлік жүре бастады. Ең бастысы, жолкіре де халықтың қалтасына тиімді. Осылайша 50 теңгемен орталыққа жетіп жүрген ағайынның қуанышы қойнына сыймай жүр.
Ләззат Бердиева, қала тұрғыны: «Өтеміс ауылында осы жерге таксилеп келетін едік. 120 теңге төлейтінбіз. Ал таңертең осы жерден «Газель» тек Дархан автостанциясына баратын. Оған да 100 теңге төлейтін. Енді қазір жақсы болды, «39 А» бағытта автобус бар, 50 теңгемен Шымкенте барып-келуге болады. Рахмет!»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-7McCFNeiGo[/youtube]