Сүйінші! Алматыда өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында шымкенттік боксшы жеңіс тұғырына көтерілді. Қайрат Ералиев 56 келілер арасында топты жарды. Жерлесіміз осыған дейін де жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанған.
Бұл жолғы әлем чемпионатына Колумбия, Франция, Шри-Ланка, Бразилия, Оңтүстік Корея, Ажир, Марокко, Германия, Моңғолия, Италия, Қытай, Ресей, Голландия, БАӘ, Тунис, Грузия, Ирак және Нигерияның былғары қолғап шеберлері қатысуда. Аталған жарыста ел намысын Қайрат Ералиев, Сағадат Рахманқұлов, Асқар Абдуллаев және Қамшыбек Қоңқабаев қорғауды.