Судьялардың тартуы

382

Балалардың қуанышы, шат-күлкісі қатаң шешім шығаратын судьялардың жүрегін жылытты. Сайрамдағы балалар үйіне арнайы барған облыстық судьялар алқасының өкілдері балалармен бірге ән айтты, қуаныштарын бөлісті. Бұл кездесудің өзгелерден ерекшелігі — балдырғандар мен судьялар ашық-жарқын әңгіме дүкен құрды.

vlcsnap-2014-06-03-18h17m16s171

Әбден ресми шараға үйренген балдырғандар судьяларды жатырқай қабылдады. Жетімін жылатпаған ел екенімізді тағы бір дәлелдеген алдыңғы толқын ағалар әр баланың арқасынан қағып, тілегін тыңдады. Хал-жағдай сұрасып, ашық-жарқын әңгіме дүкен құрды.

Ақылбек Елшібаев, ОҚО сотының судьясы: «Мұндай балаларды сүймеуге, жақсы көрмеуге болмайды. Бұлардың арасынан ел басқаратын ағалар шығады, тәуелсіз еліміздің болашағы осы балалардың қолында. Сондықтан бүгіннен бастап сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, бауырмалдыққа үйретуіміз керек. Біз бұл балаларға үнемі келіп тұрамыз. Мұны азаматтық парызымыз деп білемін.»

Облыстық соттың өкілдері балаларға базарлығын арқалай келіпті. Жазғы лагерге қажетті киім-кешектен бастап құрал-жабдықтарына дейін түгендеп берді. Үш маусымда үздіксіз тау самалында демалатын балдырғандардың қуанышында шек болмады.

Шырын Сабирова, балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Әр мерекемізде, әр концертімізде келіп, қуантып кететін ағаларымыз аман болсын. Бізге сыйлық емес, ең бастысы — көңіл маңызды!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GsEaqr9shXA[/youtube]

Айта өтейік, Сайрамдағы №4 балалар үйінде 97 бала тәрбиеленеді. Олардың 15-і биыл мектеп бітіріпті. Жеткіншектер мерекемен арнайы құттықтай келген қонақтарға шағын концерттік бағдарламасын ұсынып, алғыстарын жеткізді.