Ауыр жол көлік оқиғасы Ленгер-Шымкент тасжолында орын алды. Үш бірдей көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты. «Мерседес» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, есесіне «Камаз» бен «Ваз-2110» көліктері қатты соқтығысады.
«Мерседес» көлігінің ізінше келген тағы бір көлік, жол жиегіне ұшып кеткен. Оқиға орнында алты бірдей адам көз жұмды. Ал «Мерседес» автокөлігінің тағы бір жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алты бірдей адамның өмірін жалмаған ауыр жол көлік оқиғасының негізгі себептерін жол полициясы анықтайтын болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8AEtmQDqiBM[/youtube]