Қоғамдық көліктер тегін жүруде

298

Шымкентте қоғамдық көліктердегі кондуктордың орнын дін өкілі алмастырған. Ол жолақы сұрамайды. Есесіне асыл дініміз Исламның шарттарын жолаушыларға байыппен түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WPhPrpNQfLI[/youtube]

автоЖолаушылардың дені жапа-тармағай отыз күн Оразаның талаптары мен сауабы жайында сұруға ынтық. Осынау тосынсыйға көпшіліктің алғыстан басқа айтары жоқ. Қала ішіне қатынайтын қоғамдық көліктер бүгін жетінші тәулік ақысыз қызмет көрсетуде. Әр күні әр бағыттағы бір-бір көлік сауап үшін жолаушыларды тегін тасуға жолға шығады.

Қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер қолғабыс жасап жатыр. Қызмет шығынын жолаушылар тасымалдаушылардың өздері мен дін өкілдері өз мойындарына алыпты. Сауапты іс айлардың сұлтаны – Рамазан айының соңына дейін жалғасады.