Базардан заңсыз ойынхана табылды (видео)

247

Ірі сауда орнының қақ ортасынан ойынхана табылды. Оны жол-патрульдік полициясының 2-рота қызметкерлері әшкерелеп отыр. Бұл заңсыз ойынхана жайлы жергілікті тұрғын полицейлерге хабар берген.

004
Шұғыл түсірілім

Оқиға орнына 2-ротаның кезекші экипажы дер кезінде жетеді. Анық болғаны, базардың қақ ортасындағы дүңгіршекте заңсыз ойынхана құмар ойынның көрігін қыздырып отыр. Әкімшісі де осында.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RXi7THUeMdg[/youtube]

Шағын ғана дүңгіршектің ішінде 10 ойын автоматы бар. Бөлменің іші сыра бөтелкесі мен темекі қорабына толған. Ойынхананың жұмысын қадағалаушы бойжеткен полиция қызметкерлеріне түсінік беріп жатқанда соңғы клиенттердің бірі ақшасын қайтарып беруді талап етіп, шу шуғарды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=E0y-Fsc_-KY[/youtube]

Оқиға орнына жедел тергеу тобының мамандары келді. Олар айғақты заттарды тәркілеп алып, іс қозғайтын болады. Қазір тексеру амалдары жалғасуда.