Оңтүстікте асық ату мен бес тас ойындары спорт түрі ретінде қолға алынуда. Қажымұқан атындағы орталық стадионда ұмыт қалып бара жатқан екі ойыннан жарыс өтті. Асықты көздеп, бес тасты жинау үшін облысымыздан 80-нен астам бала алаңға жиналды. Мақсат жалғыз — қос ойынды да қайта жандандырып, болашақта түрлі турнирлер өткізу. Ресми түрде спорт түрі болып тіркелмесе де бұл күндері осы ұлттық ойыннан жарыстар жиі өтетін болған.