Жәрдемақы аламын деп, борышкер атанды

308
Билік партиясынан әділдік іздеген көпбалалы ана

Ордабасылық 6 баланың анасы әлеуметтік жәрдемақы аламын деп жүргенде, банкке қарыздар болып қалыпты. Оның атынан белгісіз біреу 2006 жылы 86 мың теңге несие алған көрінеді. Жақында ғана банкке борышкер екенінен хабардар болған отбасы әбден әбгерге түсіп, аудандық құзырлы органдарға шағымданған. Жергілікті сот қызметкерлері «Алмағандарыңды дәлелдеңдер» деп талап қойыпты.

Билік партиясынан әділдік іздеген көпбалалы ана
Билік партиясынан әділдік іздеген көпбалалы ана

Алтынай Ибрагимова: «2006 жылы Бадам аумақ әкімшілігінде Кулимов Қанат деген 1978 жылғы жігіт жәрдемақызға құжат қабылдап жүрген. Күллі құжатымыздың көшірмесін алып, Темірланға өткізеді. Сол кезде 4 балам бар еді. Сөйтіп, жәрдемақы алғанбыз. Енді, міне, сол менің сыртымнан, күйеуімнің атынан алаяқтық жолмен ақша алған.»

Зерделей келгенде Ордабасы ауданының әкімшілік қызметкері жәрдемақы алатын 30 адамның құжатының көшірмесін жоғалтып алғаны анықталды. Олардың қаншасының сыртынан несие рәсімделгені әлі белгісіз.

30 адамның құжаттарының көшірмесі жоғалған

Партияның өкілдеріне арызданып келушілердің басым бөлігі құзырлы органдардың жауапсыздығына шағымданған.

Қоғамдық қабылдауға 10 адам келді

Алмасбек Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары: «Арызданып келушілердің басым көпшілігі арыз-шағым хаттарына уақтылы жауап ала алмағандар. Арыз жолданады, «Оған жауап бердік» дейді мекеме басшылары. Ал шағымданушы алмаған болып шығады. Сонда бір тұйықтық пайда болады.«

Партияға соңғы үмітін арқалай келгендерге заң аясында кеңес берілді. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына бұл жолы оннан аса адам келіп шағымданды. Оларды арыздарын партия жауапты оргындарға жолдайтын болады. Одан кейін жұмыстың қаншалықты атқарылып жатқанын партия өкілдері өз назарында ұстайтын болады.