Тоғыз айда 23 тонна есірткі заты тәркіленген

438

2014 жылдың маусым айынан бастап қараша айына дейін республика аумағында өткен «Көкнәр-2014» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Оның нәтижесі туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы, әділет генерал-майоры Құсетов Сұлтан Тұрлинұлының төрағалығымен қорытынды жедел кеңес өтті.

Кеңесте есірткі бизнесіне қарсы күрес құрылымдарының және кинологиялық қызмет орталықтарының үстіміздегі жылдың 9 айындағы көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нәтижелілігін одан әрі көтеру жұмыстарының бағыттары белгіленді. Кеңеске кеден органының және ҰҚҚ шекара қызметінің, сонымен қатар аумақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес құрылымдарының басшылары қатысты.

008

Есірткінің заңсыз айналымымен күрестің бірден-бір тиімді тәсілі – жыл сайын өткізілетін «Көкнјр-2014» жедел алдын алу іс-шарасы. Операцияның басты мақсаты – есірткі заттарының Шу алқабынан алып шығу арналарының жолын кесу және «ауңан» есірткісін тасымалдау арналарын жою, есірткі бизнесімен арнайы айналысып жүрген, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау.

Бес айға созылған ауқымды операция кезінде есірткіге қатысты 1332 қылмыс анықталды. Оның ішінде 725 есірткі сату дерегі, 70 есірткі контрабандасы, есірткі ќылмысымен айналысып жүрген 12 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 39 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 23 тонна әр түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 140 келі героин да бар. Марихуана мен героин есірткісін ірі мөлшерде тасымалдаудың 40 дерегі анықталып, жойылды. «Бақылаудағы жеткізілім» әдісінің 6 шарасы жүргізілді, оның үшеуі – сыртқы. Есірткі қылмысын жасаған 54 шетел азаматы ұсталды. Іс-шараны жүргізу кезінде арнайы дайындықтан өткен қызметтік-іздестіру иттері қолданылды.

Жалпы, жыл басынан бергі 9 айда полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 2765 қылмысты анықтады. Оның 1613-і – есірткі сатуға байланысты. Қылмыскерлерден 23 тонна есірткі заты тәркіленді. Соның ішінде 217 келісі – героин. Есірткі контрабандасының 109 дерегі анықталды. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы 3 жылда есірткі қолданушылардың саны 11,5 %-ға азайыпты. Яғни 40858 адамнан 36137 адамға кеміген. Оның ішінде әйелдер – 11 %-ға (3114-тен 2759-ға), кәмелетке толмағандар – 63 %-ға (2069-дан 762-ге) азайып отыр.