Жас экологтар марапатталды

518

«Табиғат әлемі – балалар көзімен». Осындай тақырыппен өткізілген оқушылар арасындағы байқау мәресіне жетті. Биыл 28-ші рет қолға алынған сайысқа 325 оқушының еңбегі қатысытырылыпты. Оның 24-і ғана жеңімпаздар сапынан табылып отыр.

Жас экологтар марапатталды

Сайысқа 325 еңбек келіп түскен
Сайысқа 325 еңбек келіп түскен

Үздіктер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс балалар суреттері, фотосуреттер мен фотоколлаждар және апплекация сынды өнер бағыттарынан өткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xOqYRWheh1k[/youtube]

Сонымен, 1-орындардың қатарынан Әбдікәрім Жұлдыз (Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия), Оразбай Наурызбай (Отырар ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-лицей), Әсел Нұрәділ (Сайрам ауданы, С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия), Шапағат Пірімбек (Төлеби ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп) есімді оқушылар  табылды.

24 жеңімпазға сый-тарту табысталды
24 жеңімпазға сый-тарту табысталды

Шапағат Пірімбек, 1-орын иегері: «Мен қазір өте қуаныштымын, себебі 1-орын алдым. «Табиғат айнасы» деген тақырыпты алып, табиғи жүннен және ағаштан картина жасадым. Еңбегімді елеп, марапаттады, ұйымдастырушылар алқасына алғысым шексіз».

Жеңімпаздар республикалық байқауда бақ сынайды
Жеңімпаздар республикалық байқауда бақ сынайды

Серік Әуесханов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: «Биылғы байқаудың ерекшелігі – біздің басқарма жанынан ашылған экологиялық орталықтың 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жеңімпаздарды да ерекше құттықтадық. Бағалы сый табыстап жатырмыз. Шәкірттерге ізденуді тоқтатпаңдар дегім келеді! Тек қана алға!»

Айта кетейік, байқаудың өрбуі мен жеңімпаздардың сый-тартуына қазынадан 5 млн. теңге бөлінген.